13.06.2018, 14:07
Оқылды: 19

Зеленов ауданында «СұңқарСмартСити» пилоттық жобасы жүзеге асады

35071146_383405735488706_1515698721877131264_nМемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы нағыз прагматикалық, нақты әрі түйінді, елі­міздің болашағы үшін тағдыр­шешті мәселелерді көтерген атаулы құжат екені даусыз.

 Зеленов ауданы әкімдігінің мәжіліс залында облыс аудандарының ішінде алғаш боп қолға алынған «СұңқарСмартСити» пилоттық жобасы таныстырылымын ел назарына ұсынған «Элайтс» ЖШС қаржылық директоры Алексей Корнишкин жобаның басты ерекшеліктеріне тоқталды.

Елбасымыздың «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асқалы отырған жобаның таныстырылымы жайлы ой қозғаған аудан әкімі Асхат Шахаров:

- Цифрлы технология біздің өмірімізге тәуелсіздік алған тұста енгізіле бастады. Осы ретте алдымен мек­тептер жаппай компью­тер­лендірілді.

Ком­пью­терлер кеңседе де, үйде де негізгі ақпараттық құ­рал ретін­­де пай­­­­дала­ныла бас­та­ды, ақ­паратпен орын­да­ла­­тын кез к­елген жұмыс компьютер көме­гі­­мен жүзеге асырылатын болды. Осылайша, ақ­па­­рат­­ты сақтау мен тасымалдау ісі жолға қойылды.

Президенттің жыл сайынғы Жолдауларында елімізде үлкен экономикалық және технологиялық дүмпу болуы тиіс екендігі баса айтылады. Ал ол үшін, бұл бағытта ең алдымен, барша адамзат баласына қажетті IT са­ласына басымдық берілу тиіс.

Елбасы Жолдауына сәйкес елімізде «Цифр­лы Қазақ­стан» мемлекеттік бағ­дар­ла­масы іске қосылды. Ақ­­парат­тық технология­лар қарыш­тап дамыған заманда IT сала­сын қолға алмасақ, дамыған 30 елдің қа­та­рына ену қиынға соғатындығын Елбасымыздың өзі тап көрсетті. Өйткені, өркениетті елдердің барлығы осы цифрлы жүйеге көшіп, өнеркәсібінің дамуын және халқының әл-ауқатын жыл­дан-жылға жақсартып келеді, - деді.

Негізінен алғанда, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзе­ге асыруда 4 бағыт бар. Бірінші бағыт – ауыл-аймақты кең жолақты интер­нетпен қамтамасыз етіп, Қазақ­стан­ның транзиттік әлеуе­­тін арттыру. Екін­ші бағыт – эконо­мика­­­ның салаларына (көлік және логис­тика, ден­­­сау­лық сақтау, білім беру, ауыл шаруа­шы­­лы­­ғы және электронды сауда) цифрлы тех­­­но­ло­гияны ендіру. Үшіншісі – мемлекет­тік ор­­ган­дар жұмысының сапасын арттыру болса, төр­тін­ші бағыт – IT-мамандарды даярлау.

35206676_383405902155356_300904455275020288_nАуданда жүзеге асқалы отырған пилоттық жоба «СұңқарСмартСити» деп аталады.

Қашықтық арқылы басқарылатын құрылғының өзіндік ерекшелігі де бар.

Арнайы құрылғы (дрон) жоғары көтеріліп, аудан аумағының қауіпсіздігін бақылауға алады.

Қоғамдық тәртіпті сақтауды оңтайландыру, дала өрті, су тасқыны сынды төтенше жағдайлардың орын алуы, өршуіне жол бермеу, қауіптің тез арада көзін жоюда аталмыш құрылғы бірден көмекке келеді.

Құрылғы қажеттілік бойынша онлайн режимде жұмыс жасайды.

Құрылғының ауданның кез келген нүктесінен қажетінше түсірілім жүргізуге мүмкіндігі бар.

Басқару орталығындағы арнайы мамандар барлық жағдайды онлайн режимде бақылауға алады. Жағдай туындаған кезде тиісінше тез арада нұсқау беріп, шешім қабылдауға әрекет жасайды.

Біз құрылғы жұмыстарын жүргізуші IT-мамандарды даярлап, курстар ұйымдастырып, оларға әдістемелік көмектер көрсетеміз - дейді «Элайтс» ЖШС қаржылық директоры Алексей Корнишкин.

 

Ертай БИМҰХАНОВ,

Зеленов ауданы

35058242_383405842155362_3364454294790078464_n 35087345_383405782155368_7825907554113814528_n

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале