4.06.2018, 14:46
Оқылды: 22

Зеленов ауданында тоғанға балық жіберілді

Зеленов ауданының әкімдігінің бастамасы негізінде жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен Переметный ауылында «Алтын балық» тоғаны іске қосылды.

Салтанатты шарада құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Асхат Шахаров ел-жұртқа игі тілегін арнады.

– Бүгін - керемет мереке. Кәсіпкерлердің ауылымызға жасаған тартуы құтты болсын! Ендігі жерде «Алтын балық» баршамыздың арман-тілегіміздің орындалуына жол ашсын! Тоған ауыл тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналатындығына сенім мол. Ел көркейе берсін! – деді.

Ал өз кезегінде сөз алған облыстық балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығының директоры Виктор Фомин переметныйлықтарды тоғанның ашылуымен құттықтап, ауданның өркендеп даму жолында жетістіктерге жете беруіне тілектестігін жеткізді.

Шара аясында аудан басшысы Асхат Берлешұлы ауыл балаларымен бірге тоғанға балық жіберді.

Аталмыш тоғанның ашылуына бірден-бір қолұшын созған кәсіпкер Михаил Марченкоға елдің айтар алғысы шексіз.

Тоған айналасы қиыршық тастармен көмкеріліп, гүл отырғызылған. Және де оның екі жақ бетінде де шағын көпір тұрғызылған.

 Ертай БИМҰХАНОВ,

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале