8.12.2017, 15:43
Оқылды: 24

Зеленов ауданында жаңа мешіт ашылды

 

Тәуелсіздік күні қарсаңында аудан орталығында жаңа мешіт пайдалануға берілді.

Тек Переметный ғана емес, жақын маңдағы барлық ауылдардан келген жамағаттың басын қосқан Алла үйінің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Асхат Шахаров: -Егемендік алғалы еліміздің түкпір-түкпірінде осындай мешіттер ашылып, жастарымыз ата дінімізге бет бұра бастады. Аудан орталығында ашылған мешіт те халқымызды имандылыққа шақырып, мұсылман баласының барлық парыздарын орындауға мүмкіндік береді. Мұның барлығы егемендігіміздің арқасы. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын. Алға қойған мақсаттардың барлығына жете білейік,-деген тілегін білдірді.

Батыс Қазақстан облысы орталық мешітінің наиб имамы Марат Асанов жиналған қауымды жаңа мешіттің ашылуымен құттықтап, Алла үйінің салынуына атсалысқан облыстық мәслихат депутаты Мұрат Жәкібаевқа облыс имамының атынан құран кітабын сыйлады. Сондай-ақ Марат Рахметоллаұлы еліміздегі ұлтаралық келісім мен дінаралық татулықтың нығаюы мен жастардың бойына рухани байлық пен ұлттық қасиетімізді сіңіріп жүрген бір топ азаматты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алғыс хаттарымен марапаттады.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале