2.08.2018, 16:15
Оқылды: 45

Зеленов ауданында жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті

iarmarka (1)Аудан орталығы Переметный ауылында Зеленов аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.


50-ден астам жұмыс іздеуші жас маман қатысқан жәрмеңкеде жұмыс берушілер тарапынан 130 бос орын жастар назарына ұсынылды. Оның ішінде аудандық білім беру бөлімі ұсынған сұранысқа сәйкес, ауылдық мектептерге 100-ден астам мұғалім қажет екен.

iarmarkaЖәрмеңке барысында электромонтер мамандарына да сұраныс жоғары екендігі байқалды. «Белес Агро» ЖШС-нің өкілі кәсіпорынға 7 электр маманы керек екендігін айтады.

Сонымен қатар жәрмеңке барысында жұмыс іздеуші жастар арнайы мамандардан кеңес алды.

Ендігі уақытта олар жәрмеңке қорытындысын күтпек.

Ертай БИМҰХАНОВ

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале