27.06.2018, 15:37
Оқылды: 47

Зеленов ауданында жаз басталғалы 20 дала өрті тіркелді

c1c3cd113076ceb5793e49bd2f8a5002Маусым айының соңында ғана жаз күшіне мініп, ыстық көтерілді. Бұл өз кезегінде дала өртіне апарып соқтыруы мүмкін. Жаз келсе, тілсіз жаумен алысатын ауыл тұрғындары мен төтеншеліктердің жұмыс қыза түсті бұл күндері.

Жаз басы қоңыр салқын болғанымен Зеленов ауданы аумағында 20 дала өрті тіркелді. Жанып кеткен жердің жалпы аумағы 614 гектарды құрайды. Жылдағы осы кезеңмен салыстырғанда аздау болғанымен сәуірде басталып, қазанға дейін созылатын дала өрттерінің қаупі толық сейілді деп айта алмаймыз, - дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары.

Тілсіз жаумен күрес еш тоқтамайды. Аудан өрт сөндірушілерінен бөлек әр ауылдық округте ерікті өрт сөндіруші жасақтары бар. Олар осы күні өрт сөндіруге қажетті барлық құрал- жабдықтармен қамтылған. Көліктер мен жанар-жағар майдың да қоры толық екен. Төтеншеліктер тілсіз жаудың бетін қайтаруға қашан да дайын екендігін жеткізді.

Түгелбай БИСЕН,
Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале