27.11.2018, 17:21
Оқылды: 82

«Зеленов барысы» жанып жатқан үйден ауылдасын алып шықты

22 қараша күні сағат 18.30 шамасында Зеленов ауданына қарасты Достық ауылдық округінің Чувашка елді мекенінде үй өртенді.

ui2

-Кешкі сағат 18.30 шамасында Кооперативная көшесіндегі тұрғын үйден көмек сұраған әйел дауысы естіледі. Дауысты естіген ауыл тұрғындары көмекке келген.

Сағат 20.30 шамасында Орал қаласынан екі өрт сөндіруші көлік, артынша үшінші көлік келіп, өртті сөндірген. Сағат 22.30-да өрт толықтай сөндірілді. Үйдің тек қабырғалары ғана қалды, - дейді Достық ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Гүлнәр Мұқанғалиева.

Айта кету керек, ауыл тұрғыны Серікқали Шудабаев жанып жатқан үйден тұрғынды алып шықты. Еске сала кетсек, Серікқали Шудабаев қазақ күресінен «Қазақстан барысының» аудандық кезеңі жеңімпазы болды.

Ауыл тұрғындарының көмегінің арқасында үйден қажетті құжаттар мен қаражат та алынған. Басқа заттар өртте қалған. Кооперативная көшесі, 4/2 мекенжайындағы жалпы аумағы 120 шаршы метр үй газ пешінен отқа орануы мүмкін деген жорамал бар.

 

Ертай БИМҰХАНОВ,

Зеленов ауданы

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале