31.08.2017, 15:27
Оқылды: 27

Зеленов футболшылары жеңімпаз атанды  

 

Конституция күні мерекесінде Зеленов аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы ересектер арасында футболдан жолдастық турнир ұйымдастырды.


Жарысқа аудан командасынан бөлек Тасқала және Ақжайық футбол клубының 2000 жылғы тәрбиеленушілері қатысты Біраз жылдан бері үлкен футболды сағынған көрермен қауым да ойындарды көруге көптеп жиналды. Әр қауіпті шабуылды қиқулай қолдап, мүлт кеткен ойыншыларға жігер берген көрермен қолдауынан күш алса керек алаң иелері алдымен Ақжайық өрендерімен тең түсіп, екінші ойында Тасқала командасын жеңді.Бұндай нәтиже аудан командасын бірінші орынға көтерді Ал Оралдан келген қонақтар мен тасқалалықтар ойынында алаңға бой үйрете қоймаған Ақжайық ойыншыларын көрші аудан футболшылары қапы қалдырып, екінші орын иеленді.

Сондай-ақ ойындар барысында өзінің тамаша шеберлікерін танытып, үздік ойын көрсеткен ойыншымыз Тимур Макаев «Үздік қақпашы», тасқалалық Самат Сұлтанғалиев «Үздік қорғаушы», Ақжайық командасының ойыншысы Дияс Ізмұқан «Үздік шабуылшы» аталымдарына ие болса, Тасқала командасының көшбасшысы Петр Новенков жарыстың «Үздік ойыншысы» атанды.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне бағалы сыйлықтар мен медальдар табысталды.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале