25.04.2017, 16:19
Оқылды: 25

Зеленов командасы топ жарды

Орал қаласында облыстық «Көктемгі бағдарлау-2017» спорттық сайысы ұйымдастырылды. Оған барлығы 12 команда, 195-ке жуық спортшы қатысты.


Зеленов командасының құрамында Қ.Аманжолов, Переметный, Камен, Батурин, Январцев мектебінің шәкірттері бақ сынады. Бес кезеңнен өткен жарыста жоғары көрсеткіш көрсетіп 12 алтын, 11 күміс, 5 қолаға қол жеткізген зеленовтықтар командалық есепте І орынға ие болды.

Атап айтсақ, өз жас ерекшеліктері бойынша орта және қашықтықта, спринт, эстафетада Еділбек Елубаев, орта және ұзақ қашықтықта Ақжайық Елубаев, спринт, эстафета, орта қашықтықта Естай Кенгесбав, орта және ұзақ қашықтықта, спринт, түнгі бағдарлауда Наргиза Иргусаева жеңімпаз атанды.

Зеленовтық спортшылар маусым айында Алматы қаласында өтетін республикалық кезеңде облыс құрамасының сапында сынға түсетін болады. Олардың ішінде Е.Елубаев , Е.Кенгесбаев, А.Елубаев бар.

Динара НАСЫР

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале