6.06.2017, 17:20
Оқылды: 49

Зеленов сотында ашық есік күні өтті

Зеленов сотта ашық күн  Зеленов аудандық №2 сотының мәжіліс залында 23 маусым - мемлекеттік қызметшілер күніне орай халыққа құқықтық көмек көрсету және құқықтық мәдениетін арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімдік деңгейлерін көтеру  мақсатында ашық есік күні өтті.


  -Алдымен азаматтарды қабылдап жол көрсететін, кеңес беретін кеңсе қызметкерлері сіздерге мінсіз қызмет етеді. Жаңа технология бұл бағыттағы біраз  жұмысты ілгерілетуге септігін тигізуде. Біздің тұтынушымыз да, сыншымыз да өздеріңіз. Ал сот жұмысын бағалауға бағытталған сауалнамаларларыңыз бен талап–тілектеріңізді, ұсыныстарыңызды  қанағаттандыруға біз құқылымыз. Осының өзі қоғамдық пікірге қаншалықты маңыз беріліп отырғандығын аңғартады,- деген сот төрайымы Шара Зайнуллина шараның маңыздылығына кеңінен тоқталды.

   Сондай-ақ азаматтар тарапынан «Сот кабинеті» арқылы сотқа талап арыз беру, азаматтық, еңбек, отбасылық құқық қатынастары, қарыз сомасын өндіру, заңды мүдделерін сот арқылы қорғауға қатысты мазалаған сауалдарға сот жауап берді.

Гүлжан АЯЗБАЕВА

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале