7.08.2018, 17:16
Оқылды: 26

«Zelenov triathlon - 2018» мәреге жетті


Зеленов ауданында бұқаралық спортты насихаттау, салауатты өмір салтын ұстануға шақырар шаралар күн санап артып келеді. Сондай спорттық шаралардың бірі Жанбарса (Январцев) ауылында өткен «Zelenov triathlon - 2018» жарысы. 


зеленов (2)

Нағыз мықтының мықтысы ғана айналысатын триатлон жарысына қатысушылар көп болды. Әсіресе, жастардың құлшынысы қуантты. Алдымен суда, кейін шайтанарбада, одан кейін жаяу жарысқан спортшылар шын мықтыны анықтады.

Бірнеше жас ерекшеліктері бойынша сынға түскен триатлоншылар жарысында 18-29 жас аралығындағы спортшылар сынында Нұркен Қасымов үздік деп танылса, осы жас аралығындағы қыздар арасында Лəззат Төлепбергенова жеңімпаз атанды.

30-39 жас аралығындағы триатлоншылар арасында әйелдерден Сабира Қадырова, ерлер сынында Виталий Бырко бас жүлдені иеленді.

40-49 жас аралығындағы әйелдер арасында Надежда Голубенко, ерлер арасында Асхат Шахаров үздік деп танылды.

Сондай-ақ 50 жастан жоғары триатлоншылар да бақтарын сынады. Бұл спортшылар бәсекесінде Нұрсәуле Оразаева әйелдер сынының үздігі атанса, ерлер арасында Сергей Щербань бас жүлдені қанжығасына басты.

Барлық жүлдегерлер мен жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен медальдар табыс етілді.

 

Түгелбай БИСЕН,

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале