27.12.2018, 18:28
Оқылды: 67

Зеленов волейболшылары «Грация» клубының арнайы жүлделерін еншіледі

 Елге танымал «Грация» волейбол клубы жылды қорытындылады. Өңірдің үздік волейболшыларының басын қосқан клубтың биылғы жылды түйіндеген кешінде үздік спортшылар мен бапкерлер, волейбол спортының дамуына сүбелі үлес қосқан жандар марапатталды.

voleibol (4)

Айтулы шараға арнайы қатысқан Зеленов ауданының спортшылары мен бапкерлері де құр алақан қайтпады. Атап айтар болсақ ауданның ғана емес, облыстың да атынан біраз жарысқа қатысып, өзіндік ойын мәнерімен көзге түскен ойыншы В.Решетник «Үздік волейболшы» атанса, ауданға қарасты Янайкин ауылының жастарын спортқа баулып, волейболға деген қызығушылығын арттырған бапкерлер Қ.Әбілов пен Б.Жұмағалиев «Волейболды дамытуға қосқан үлесі үшін» аталымын иеленді.

Сондай-ақ әуе добы спортының дамуына қосқан үлесі үшін  Янайкин ауылының әкімі И.Мұғалбаевқа «Волейболды дамытушы үздік ауыл» атты арнайы марапат табысталды.

voleibol (3)

Түгелбай Бисен,

Зеленов ауданы

 

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале