9.01.2017, 10:53
Оқылды: 33

713 жаңа жұмыс орны ашылды

zelenov-zymispen-kamtu      Зеленов ауданы бойынша шағын және орта бизнестің 2646 субъектісі тіркелген,  былтырғы жылға қарағанда 1,1%-ға өсті.


Қазіргі таңда іске қосылып тұрған шағын және орта бизнестің субъектілер саны 2183 құрайды. Мұндағы жұмысшылар саны 5296 адамды құрайды, өсу 0,1% құрады.

Өндірілген өнімнің көлемі (жұмыс және қызмет)  8,6 млрд.  теңге құрады, 2015 жылмен салыстырғанда 10,3% өсу байқалады.

Ауданда  ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу бойынша 46 шағын цех (2015 жылы - 44) тіркелген, мұнда 320 адам(2015 жылы - 310) жұмыс істеуде. 11 ай бойынша  528,8 млн. теңгеге өнім өндірілген(2015 жылы –511,5 млн.теңге).

Шағын және орта бизнес саласында 2016 жылдың 1 желтоқсанына 713 жаңа жұмыс орны ашылды.

 

Зеленов аудандық «Ауыл тынысы» қоғамдық-саяси газеті

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале