26.07.2017, 15:11
Оқылды: 37

Зеленовта 15 ауыл әкімі сайланбақ

_DSC0176Бүгін Зеленов аудандық мәслихатының депутаттары, қолданыстағы заңға сәйкес, округ әкімдігіне ресми тіркелген үміткерлермен жүздесті. Ағымдағы жылдың 09 тамызына белгіленген сайлауда Зеленов ауданы бойынша 15 селолық округтің әкімі сайланбақ.


Үміткерлердің тіркелуі үшін берілген мерзім аяқталды, яғни енді келіп тіркелушілерге заң рұқсат бермейді деген сөз. Осы аралықта аудандық сайлау комиссиясына 45 үміткер тіркелген. Қазір сол әр округке үшеуден тіркелген үміткерлердің ұсынған мәліметтері тексерілуде.

Депутаттар жүздесу барысында әр үміткердің округті дамытуға бағытталған іс-жоспарын тыңдап, пікір алмасты. Үміткерлер арасында қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар арқылы ауыл-аймақты гүлдендіріп, шағын кәсіпті өрістетіп, жұмыссыздықпен күресемін дегендер де, әкім болу үшін таңдап алған округінің жер көлемі қанша екенін білмейтіндер де кездесті. Десе де, бойындағы білім-білігі мен азын-аулақ жинаған іс-тәжірибесін қолданып, округ әкімі қызметін абыроймен алып жүруге бекінген жастардың бар екендігі қуантады.

Әр үміткердің жоспарын мұқият тыңдап, ой елегінен өткізген депутаттар соңғы шешімін тамыздағы сайлауда айтатын болады.

Нұржан ДҮЗБАТЫР

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале