2.03.2017, 14:49
Оқылды: 44

Зеленовта 25 үй салынады

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратында Зеленов ауданының әкімі Кәрім Жақыпов бір топ аудан тұрғынын қабылдап, толғандырған мәселелерін тыңдады.


Қабылдау барысында Жамбыл ауылының тұрғыны С.Өтешов құс өсіру үшін жердің қажеттігін, «Батыс Проект Сервис» ЖШС басшысы Ж. Қабақаев өндірістік мәселесін айта келген. Сонымен қатар Белес ауылы Кардон разъезінің тұрғыны А.Таканова тұрғын үйін рәсімдеу үшін бірқатар табалдырықты тоздырып жүргендігін жеткізді. Бұл кісі бар баспанасын жекешелендіре алмай жүрсе, Переметный ауылының тұрғындары Г.Мұхтарова, Л.Толкуновалар үй алу үшін кезек келмегендігін айтып қынжылуда.

- Әр тұрғынның жолдаған сауалына бей-жай қарай алмаймыз. Барлық өзекті мәселелерді қолдан келгенше шешуге тырысудамыз. Алдағы жылы 25 үй, 50 пәтер салатын боламыз, - деді Кәрім Кәрімоллаұлы.

Қабылдауға келген аудандық мәдениет үйінде орналасқан фитнес орталығының басшысы Ә.Темірбекова аталмыш орталыққа қосымша бөлме керектігін айтады.

Тұрғындардың жағдайымен танысқан аудан басшысы бірқатар мекеме басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Айшабибі МӘМЕТ,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале