10.02.2017, 16:49
Оқылды: 21

Зеленовта 890 бала балабақша кезегінде тұр

Zelenov akim 202  Бұл жайлы Зеленов ауданының әкімі Кәрім Жақыпов ел алдында есеп беруінде айтылды. Балабақшаға кезек жылма–жыл өсуде. Аталған мәселені шешу мақсатында мектепке дейінгі ғимараттар салу  жоспары да құрылған. Мемлекеттік жеке серіктестік бағдарламасы бойынша Достық ауылында 100 орындық жеке меншік балабақша бой көтермек.


  Биыл 100 орындық интернаты бар, 300 орындық Дариян қазақ жалпы орта білім беретін мектеп ғимаратының құрылысы, Дариян ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары басталмақ. Батурин, Камен, Зеленый білім ошақтарын күрделі жөндеу және қайта жаңартуға, Факел ауылына көгілдір отын жеткізу тарту үшін жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталмақ. Переметный ауылының ауылішілік жолдарын жөндеуге жобалық-сметалық құжаттамасы дайын.

  - Ауданның 41,2% ауыз сумен қамтылған. Ал табиғи газбен 82% қамтылды. «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы ауданға бөлінген 258.млн теңге қаражат жылдар бойы тұрғын үй салу үшін жер кезегінде тұрған тұрғындарға берілетін жер телімдеріне инфрақұрылым тартуға бағытталды. Трекин округіне қарасты Володар ауылы маңынан берілетін аймаққа электр желісі, Белес ауылынан және аудан орталығынан бөлінген жер теліміне электр желісі мен ауыз су тарту жұмыстары жүргізілді. Садовое және Зеленый елді мекен тұрғындарын қала орталығымен Шаған өзені арқылы байланыстыратын екі аспалы көпір құрылысы да аяқтала келді,- деді аудан әкімі.

  Ақжол ауылының ауылішілік су құбырының құрылысы мен Володар ауылындағы су құбырын қайта жаңартуға республикалық бюджеттен 100 млн. теңге бөлінген. Бүгінде Зеленов ауданындағы су құбырларының ұзындығы 148,2 км құрайды.

Динара НАСЫР

Суреттерді түсірген Түгелбай БИСЕН

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале