20.06.2017, 17:40
Оқылды: 22

Зеленовта 9 медициналық нысан жөндеуден өтпек

Белес амбулатория (2)Күні кеше ғана Зеленов ауданы Рубежка ауылында дәрігерлік амбулатория, Сұлукөлде медициналық пункт күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілген еді. Қазіргі уақытта Новенький, Володарка, Павлов, Озерный, Котельников, Октябрь елді мекендері мен Белес ауылында медициналық пункт күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Демек, биыл Зеленовта барлығы 9 медициналық нысан күрделі жөндеуден өтетін болады.


Сәуірдің 27-де басталған Белестегі амбулаториялық пункті күрделі жөндеу жұмыстарының біразы аяқтала келіпті. Тозығы жеткен ғимаратты жөндеуге 19 млн. теңге бөлінген көрінеді.

-Терезелер, шатыр ауыстырылды. Төбе, қабырғаны сырлау, тегістеу жұмыстары да бітуі жақын. Ауа-райының қолайсыздығы сыртқы әрлеу жұмыстарына кедергі келтіруде, -дейді учаске бастығы Арман Шакиров.

Бұл жерде 10 адам еңбектенуде. Оның ішінде үш жергілікті тұрғын биржа арқылы жұмыспен қамтылыпты.

Динара НАСЫР,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале