14.09.2018, 17:33
Оқылды: 45

Зеленовта ақын, журналист Мұнайдар Балмолдамен кездесу өтті

Зеленов ауданы Володар ауылында ақын, тележүргізуші «Қазақстан Журналистер» және «Жазушылар» одағының мүшесі Мұнайдар Балмолдамен кездесу өтті.

IMG-20180911-WA0025

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараны ауылдық клуб пен кітапхана ұжымы бірлесе өткізді. Рухты жаншып, ел бірлігі және жазушының шығармашылығы сөз болған кездесуге ауыл ақсақалдары, ұстаздар, мектеп оқушылары, ауыл кітапханашылары мен мәдениет қызметкерлері қатысты.

Кеш барысында ақын, өз өмірі мен шығармашылық жолын таныстырып, оқырмандардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар Еркеназ Қабдығали, Іңкәр Оралбай, Әлижан Жақсылық, Еламан Глухов атты мектеп оқушылары Мұнайдар Балмолданың өлеңдерін  нақышына келтіре оқыды. Ауыл ақсақалы Қадырхан ақсақал ақынның «Он төрт» романынан алған әсерімен бөлісіп, ел тарихын таныта түсу үшін осындай кітаптардың көбірек жазылу керектігін айтты.

Кеш барысында клуб қызметкерлері Мұнайдар Балмолданың сөзіне жазылған «Анамның жаққан ошағы» әнін орындады.

-«Тыңдаушысыз сөз жетім» деген сөз бар.  Сіздер секілді оқырмандарым мен оқушыларымның бары көңілімді қуантты. Менің кітаптарымды, өлеңдерімді оқып, насихаттап жүргендеріңізге мың алғыс, - деді кеш соңында ризашлығын білдірген ақын.

Айдана Габбасова,

Зеленов ауданы

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале