18.09.2018, 14:35
Оқылды: 53

Зеленовта әнші Роза Мұсаның кеші өтті

Зеленов ауданында өткен әнші Роза Мұсаның «Мұздаған жүректі еріткен мейірімділік» атты ән кешіне өнер сүйер ағайын көп жиналды.

ortalyk zelenov brifing (7)

Тағдырдың ауыр сынағына төзіп, өнерімен елін сүйсінтіп жүрген жан жиналған ағайынға ризашылық сезімін ән арқылы жеткізді.

Кеш шымылдығы Леспек Амановтың «Сағыныш» әнімен ашылып,  «Махаббат – өте нәзік», «Анашым» әндерімен өрілді.

«Өміріңе немқұрайлы қарама», «Гүл-гүл жайна» әндерін шебер орындап, тыңшаушысын еліткен Розаға көрермен ықыласы әлсін-әлсін соғылған қошеметтен белгілі болды.

Ауыл тұрғындарының әнге деген құмарын басқан кеш соңында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілекбай Төлепқалиев сөз сөйлеп, әнші Роза Мұсаға ықылас гүлін ұсынды.

Түгелбай БИСЕН,

Зеленов ауданы

roza zelenov (4) roza zelenov (6)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале