26.06.2018, 12:53
Оқылды: 16

Зеленовта Астананың 20 жылдығына орай веложорық өтуде

DSC_0001Зеленов аудандық жас туристер стансасының бапкері Серік Хайруллин бастаған топ Астананың 20 жылдығын веложорықпен қарсы алды.

Елордамызға ерекше сый жасамақ болған туристерге аудандық ішкі саясат бөлімі мен аудандық «Жастық-Молодость» жастар қоғамдық бірлестігі қолдау білдірді.

Аудан ауылдарын аралап, велотуризмге деген жастардың қызығушылығын оятуды көздеген жорықшыларға ішкі саясат бөлімінің басшысы Манарбек Әжкенов пен аудандық жас туристер стансасының басшысы Галина Терехова ақ жол тіледі.

Переметный ауылынан басталған жорық Янайкин, Үлкен Шаған, Көшім, Щапов, Мичурин және Белес ауылдарымен жүріп өтпек.

Бес күнге жоспарланған жорық қатысушыларының құрамында Ақжайық және Еділбек Елубаевтар сияқты жас болса да талай жарыстарда жүлде салған жас турист спортшылар мен Нұркен Қасымов, Жасұлан Ғұмаров секілді білікті туризм бапкерлері бар.

Туристер тобының жетекшісі Серік Хайруллиннің айтуынша, жорықтың алғашқы күні сәтті өткен. Күн райының ыстығына байланысты негізінен алғанда жорықшылар жолдың көп бөлігін таңғы және кешкі салқынмен жүріп отырады.

 Түгелбай БИСЕН,

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале