28.07.2018, 15:17
Оқылды: 40

Зеленовта «Таза жағалау» акциясы өтті

Бүгін сенбі күні Зеленов ауданында «Таза жағалау» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.

Облыс, аудан аумағындағы су айдындарының жағдайын жақсарту, туған жердің табиғатына жауапкершілікпен және ұқыпты қарауға шақырған акцияның негізгі мақсат-міндеттеріне үн қосушы қатысушылар 4 бағытқа топтасып, сенбілік жұмыстарын жүргізуге кірісті.
Экологиялық акцияға аудан орталығы Переметный ауылындағы тұрғындар, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын қызметкерлері, «Жасыл ел» еңбек жасақтары мүшелері толыққанды қатысты.
Олар аудан орталығы аумағында орналасқан Деркөл өзені жағалауын тұрмыстық қатты қалдықтардан, қоқыстардан тазартты.
Айта кету керек, аталмыш акцияға 3 техника жұмылдырылып, 300-ден астам тұрғын қатысты.
Қоршаған ортаны аялауға шақырған экологиялық акция ауданның барлық ауылдық округтерінде де өз дәрежесінде ұйымдастырылғандығын айта кеткен жөн.

Ертай БИМҰХАНОВ,
Зеленов ауданы

DSC_0008

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале