7.02.2018, 16:26
Оқылды: 27

Зеленовта ауылішілік жол жөндеу қарқын алмақ

zelenov (6)Халық алдында есеп берген аудан әкімі Асхат Шахаров осылай дейді. Есептік жиынға облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысуда.

Зеленов ауданындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 891,3 шақырымды құрайды. Олардың ішінде 199 шақырымы республикалық маңызы бар жолдар болса, 124 шақырымы облыстық маңызы бар жолдар.

Өткен жылы «Карашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» компаниясының инвистициялық қаражаты есебінен Дариян ауылында жалпы ұзындығы 2,5 шақырым болатын 8 көше жөндеуден өткен. Биыл Переметный, Шалғай ауылдарының автомобиль жолдарын жөндеу жоспарлануда. Сондай-ақ Переметный, Зеленый, Мичурин және Дариян ауылдарындағы ауылішілік жолдарға жөндеу жүргізілмек.

zhaikpress.kz

Сурет: Айбатыр Нұраш

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале