28.09.2017, 17:56
Оқылды: 33

Зеленовта батагөй қариялар сайысы өтті

_DSC0111Зеленов ауданы орталығында «Ата сөзі – бата сөзі» атты батагөй қариялар сайысы өтті.

Батаның тәрбиелік мәнін насихаттап, жас ұрпақты адалдыққа, әділдікке адамгершілікке тәрбиелеуді және ұрпақтар сабақтастығын арттырып,  ұмыт бола бастаған ұлттық әдет-ғұрыптарымызды қайта тірілту мақсатында өткен тамаша жарысқа ауданның 6 округінінен келген 61 мен 76 жас аралығындағы қариялар қатысты.

«Өзін өзі таныстыру», «Ел есіндегі баталардан. Атап айтар болсақ, Қарасай батырдың балаларына, Бауыржан Момышұлының, Кенен Әзірбаевтың келіндеріне берген баталарынан үзінді оқу», және «Батаменен ел көгерер» сияқты кезеңдерден тұрған қариялар сайысының қорытындысында Үлкен Шаған ауылынан келген Сағи Қайырбаев, Зеленый ауылының қариясы Амангелді Мыңбаев пен Махамбет ауылының намысын қорғаған Бекнияз Оразғалиевтер үшінші, щаповтық Бақыт Нәсіпұлы мен Калинин ауылы атынан қатысқан Амантай Бабатаев екінші орынға лайық деп танылса, бірінші орын мен сайыстың облыстық кезеңіне берілер жолдаманы переметныйлық Сатыбалды Төлегенов қанжығасына басты.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру» атты мақаласында сан ғасырдан бергі түзілген тарихтан, салт-санадан, дәстүрден сабақ алмайынша, соны бойына сіңірмейінше жаңғыру дегеніміз құр жаңғырыққа айналады. Ең түпкі жаңғырумыздың өзегі біздің ұлттық танымымызда жатыр. Ұлттық танымымыздың өзегі көпті көрген аталарымыз бен әжелеріміздің даналыққа толы сөздері мен айтқан нақылында. Сол рухани жаңғыруымызға үлесін қосып, даналық дәстүріміздің дара үлгісін көрсеткен сайыста бақ сынаған батагөй қарияларымыз көбейе берсін.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале