8-707-808-48-55
10.07.2018, 13:17
Оқылды: 189
Зеленовта бір арба шөптің құны 40 мыңға дейін жеткен

senokosЗеленов ауданында шаруалар шабындыққа шалғы салды Биыл аудан шаруалары 101200 тонна шөп жинауды көздеп отыр.


 

Қазіргі таңда 23465 гектар жердегі шөп шабылған. Қысқы азықтың өнімділігі гектарынан 4,5 центнерді құрап отыр.

Қазіргі таңда 10559 тонна шөп жиналды. Бұл барлық атқарылар жұмыс тек 10,4 пайызға орындалғандығын көрсетеді. Шөп шабу науқанына 128 техника жұмылдырылған.

Мал азығының осыншама тапшы болуын мамандар біржылдық шөптің болмауымен және маусым айындағы салқындық шөптің көтерілуіне кедергі келтіргендігімен түсініреді.

Шөп құны да қазір шарықтап тұр. Бір арба шөптің құны аудан бойынша 30 мыңнан 40 мыңға дейін жеткен.

 

Түгелбай БИСЕН

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Ұқсас жаңалықтар Басқа да жаңалықтар
Пікірлер
Жасұлан
00
Қазір қой үстіне , торғай жұмыртқалаған заман болып тұр!!!. Ал бүгінгі адамдар аз тер -төгіп , көп ақша қымқырып қалуды ойлайды. Бүгінгі адамдар халқын елін жерін ойламай тек қанауды , тонауды біледі , өзінің күні осы халқымен бірге екенін түсінгісі келмейді. Кім кімді тірілей тонап жатқанын сезбейді қайран қазағым намыс қайда, Кімсің!!!
Пікір қалдыру