8-707-808-48-55
10.09.2018, 14:24
Оқылды: 13
Зеленовта денсаулық фестивалі өтті

Зеленовта  «Өз денсаулығың – өз қолыңда» атты денсаулық фестивалі өтті.

zelenov densaulyq (1)

Аудан әкімдігі, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен аудандық орталық аурухана ұйымдастырған шараға переметныйлық ағайын белсенді қатысты.

Денсаулық фестиваліне келген спортшыларды алдымен Переметный ауылдық округінің әкімі Бекзат Бадақов, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Данияр Омарұлы да құттықтап, бабы мен бағы келіскен шын мықты ғана жеңіске жетсін деген тілегін білдірді.

 Фестиваль барысында спортшылар қысқа қашықтыққа жүгіру, арқан тарту, гір тасын көтеру сияқты бірнеше спорт түрінен сынға түсіп, үздік шыққандарына бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Түгелбай БИСЕН,

Зеленов ауданы

Ұқсас жаңалықтар Басқа да жаңалықтар
Пікір қалдыру