20.09.2018, 15:26
Оқылды: 66

Зеленовта «English for Jastar» жобасы бастау алды

Зеленов ауданындағы Мичурин орта мектебінде «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалының ұйымдастыруымен «English for Jastar» жобасы бастау алды. Жоба бойынша ерікті жастар мектеп оқушыларына ағылшын тілін үйретпек.

- Республикалық деңгейде бастау алған «English for Jastar» жобасы облысымыздың алты ауданында жүзеге асады. Соның бірі – біздің ауданымыз. Ағылшын тілінен дәріс күн сайын сағаттан екі ай бойы жүргізілмек, - деді «Нұр Отан» партиясы Зеленов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілекбай Төлепқалиев.

«English for Jastar» жобасы бойынша мичуриндік оқушыларды Алина Мамедова және Гүлбағым Ниязбаева есімді еріктілер оқытпақ.

Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Серік Сафиуллиннің айтуынша, ағылшын тілі курсы негізінен 9-10 сыныптарға өткізілмек. Егер ниеттері болса, 11-сынып оқушылары да бұл сабақтарға қатыса алады.

- Елбасымыз Н.Назарбаев «Еліміздің кемел келешегі – білімді жастар қолында» деген болатын. Бүгінде оқушыларымыздың білімді және жан-жақты болып өсуіне барлық жағдайлар жасалып жатыр. Біз өрендерге белгіленген екі ай мерзімде ағылшын тілін меңгертеміз деген ойдамыз, - дейді ерікті жас Гүлбағым Бейімбетқызы.

 

Нұрлыбек ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ,

Зеленов ауданы

IMG_0290

IMG_0268

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале