11.09.2018, 18:11
Оқылды: 68

Зеленовта «Грация» волейбол клубы бөлімшесі ашылды

Елімізге ғана емес, алыс-жақын шетелдерге  танымал «Грация» волейбол клубы Зеленов ауданында өз бөлмішесін ашты.

graciya zelenov (1)

 Салтанатты түрде ұйымдастырылған шараға «Грация» волейбол клубының директоры Көлеңке Ғұбашев, спорт ардагерлері Иван Юнусов пен Алексей Понамарев, мектеп оқушылары мен ауыл тұрғындары қатысты.

Ауыл жастарының волейболға деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруды мақсат етіп қойған волейбол клубының директоры Көлеңке Ғұбашев:

-Ата-бабаларымыз «Тәні саудың – жаны сау» деп бекер айтпаған. Еліміздің болашағы – дені сау, білімді ұрпақ. Жастарды спортқа баулып, ел намысын қорғайтын атлеттерді тәрбиелеу – біздің клубтың негізгі ұстанымы,- деп жиналғандары волейбол үйірмесіне шақырды.

Спорт ардагерлері Иван Леонидұлы мен Алексей Викторұлы да жаңадан ашылған клубтың жұмысына сәттілік тіледі.

Жастарды волейбол ойнауға шақырған шара соңында клуб тәрбиеленушілері жиналғандарға волейбол ойынының қызықты элементтері мен әдемі соққыларын көрсетіп, өзара жолдастық кездесу өткізді.

-Бұрын «Грация» волейбол клубынан тәрбие алсам деген деген талантты спортшылар облыс орталығына келулері керек болатұғын. Енді волейбол үйренуші зеленовтық қыздарға мүмкіндік туып отыр. Облыс аудандарындағы алғашқы бөлмішемізді Переметныйда аштық. Болашақта ауданның ірі-ірі ауылдарымен қатар басқа да аудандарда да осындай бөлмішелеріміз болса дейміз, - деді клуб директоры Көлеңке Ғұбашев.

Волейболшылардың жаттығуы аптасына үш рет өтетін болады. Әр жаттығуды Орал қаласынан келген «Грация» клубының бапкерлері жүргізеді. Сондай-ақ клуб жетекшілері жергілікті бапкерлерге де көмек көрсетуге дайын.

Түгелбай БИСЕН,

Зеленов ауданы

Zhaikpress.kz

graciya zelenov (2) graciya zelenov (3) graciya zelenov (5) graciya zelenov (6)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале