13.11.2018, 12:18
Оқылды: 66

Зеленовта «Қазіргі заман қаһарманы» акциясы өтті

Зеленов ауданында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілетін «Қазіргі заман қаһарманы» акциясы өтті.

 zelenov (2)

Бейбіт күннің батырлары саналатын полицейлерді ұлықтап, қоғам тыныштығы мен тәртібін қадағалаушы орган қызметкерлерінің ерлік істерін ел ішінде кеңінен насихаттау, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында өткен республикалық акцияға аудан тұрғындары, ішкі істер қызметінің ардагерлері, мектеп оқушылары қатысты.

Шара басында өз міндеттерін мүлтіксіз орындап, полиция абыройын асырған қызметкерлер марапатталды. Жиналғандар алдына шақырылып, әр қызметкердің ерлігі туралы бейнеролик көрсетілген соң ортаға ҚР ІІМ-нің Кадр жұмысы департаментінің тәрбие жұмысы және кәсіби даярлықты ұйымдастыру басқармасының бастығы, полиция полковнигі Мұрат Жақыпбаев жиналғандарға ризашылығын білдіріп, аудан әкімі Асхат Шахаровқа ішкі істер органдары қызметінің тиімділігін жоғарылатуға бағытталған шаралар кешенін іске асыру жөніндегі міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін ҚР ІІМ Қ.Қасымовтың алғыс хатын табыс етті.

- Ел тыныштығы үшін жандарын қиып, анттарына адалдық танытқан асыл азаматтардың бейнесі отаншылдықтың нақты үлгісі болып қалары сөзсіз. Ердің сырттанының ғана қолынан келетін қадамға барған полицейлердің бейбіт күнде жасаған батырлықтары болашақ ұрпақ жадында мәңгі сақталады.. Қазіргі жастар ел үшін жанын қиған полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігі туралы білуі керек. Қазақ полициясы елге қашан да адал қызмет жасап келеді. Оны ескерген Елбасы да «Тәртіп сақшылары – адамдардың құқығы мен бостандығын қорғай отырып, қылмысқа қарсы күрес жүргізуде алдыңғы қатарда тұратын мамандық иелері, - деп ішкі істер қызметкерлерінің жұмысына оң бағасын берген Асхат Берлешұлы полицейлерді бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Патриоттық шара ІІМ-і оркестрінің концертіне ұласты. Осыдан 50 жыл бұрын құрылған ансамбльде әр жылдары Әлібек Дінішев, Ескендір Хасанғалиев, Лаки Кисоглу сияқты елімізге танымал әншілер қызмет жасаған.

zelenov (1) zelenov (3) zelenov (4) zelenov (5) zelenov (6) zelenov (7)

Түгелбай БИСЕН,

Зеленов ауданы 

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале