13.12.2018, 12:26
Оқылды: 73

Зеленовта көркемсөз оқудан байқау өтті

Зеленов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің оқу залында 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне арналған оқушылар арасында көркемсөз оқу байқауы өтті.

IMG_7242

Байқауға аудан орталығындағы Қ.Аманжолов атындағы мектептің 5-сыныбынан 8 оқушы қатысып, қазақ ақындарының тәуелсіздік тақырыбындағы өлеңдерін нақышына келтіре оқыды.

Өрендері ұлық мерекемен құттықтаған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Радик Мақсотұлы, кітапхана директоры Жеңісгүл Жаңабаева қатысушыларға жарқын болашақ, сәттілік тіледі.

Облысқа танымал ақындар төрелік еткен шарада оқушылардың барлығы арнайы аталымдармен марапатталып, кітапхана ұжымының сыйлықтарына кенелді.

Байқау барысында тәуелсіздік жылдарынан бейнекөрсетілім ұсынылып, кітап көрмесі де таныстырылды. Викториналық сұрақтарға жауап берген ұл-қыздар сыйлықтан құралақан қалмады.

IMG_7216

Ертай БИМҰХАНОВ,

Зеленов ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале