21.08.2018, 11:36
Оқылды: 21

Зеленовта Құрбан айт ерекше аталып өтті

Мұсылман баласының ұлық мерекесі Құрбан айт күні Зеленов ауданында ерекше аталып өтті.

 Таңмен аудан орталығындағы Мешітке жиналған жамағатты алдымен аудандық мешіттің бас имамы Әзілхан Бисенғалиев Құрбан айт мерекесімен құттықтап, ислам құндылықтары, Құрбан айт мерекесінің қадір-қасиеті жайлы ойын жеткізді.

– Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Бүгінгі ұлық мейрамда құрбандық шалудың ең негізгі амалы – жетім-жесірлерге қолұшын созу, араздасқанды татуластыру, адамзатты бейбіт өмір сүруге шақыру сияқты имандылық істермен астасып жатыр» деген даналығы бар,-деді имам.

Құрбан шалу рәсімінде ірі қара малы құрбандыққа шалынды. Құрбандыққа шалынған мал еті аудандағы әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға үлестірілді.

Айт намазынан соң мерекеге орай спорттың арқан тартыс, кір тасын көтеру, қол күресінен сайыстар өткізілді. Спорттық шараға зеленовтық ағайын белсене қатысып, сайыс тартысты да қызықты өтті. Жеңімпаз болып танылған және жүлделі орындарды еншілеген спортшылар қанжығасына бағалы сыйлықтар тігілді.

Сонымен қатар, Мешіт үйінде барша ағайынға мерекелік кең дастарқан жайылды.

 

Ертай БИМҰХАНОВ,

Зеленов ауданы

Суреттерді түсірген Түгелбай БИСЕН

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале