2.11.2018, 11:08
Оқылды: 51

Зеленовта «Қыс – 2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

БҚО төтенше жағдайлар департаментінің жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу-жаттығу жиынының басты мақсаты – аудандағы құрылымдардың қыс мезгілінде болатын төтенше жағдайларға дайындығын пысықтау.

тж (3)

Шара басында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Т.Жақыпов оқу-жаттығу шарасының мақсат-міндеттеріне тоқталып, қыс маусымында орын алуы ықтимал төтенше жағдайларға құрылымдардың дайын болуын қаперледі.

Сондай-ақ орталық алаңда сап түзеген азаматтық қорғау қызметтері, эвакуациялдау органдары, авариялық-құтқару қызметтері құрамалары және жедел әрекет ету жасақтарының кез келген төтенше жағдайға қаншалықты дайын екендігін тексерген аудан басшысы Асхат Шахаров азаматтық қорғаныс жасақтарының қысқа дайындығы ұдайы назарда болатындығын айтып, әр құрылымның кем-кетіктерін түзеуге шақырды.

Дайындықтың жалғаса түсетіндігін алға тартқан аудандағы төтеншеліктер әр құрылым түрлі жағдайларға дайын болу керектігін айтты.

тж (1) тж (2) тж (4)

Түгелбай БИСЕН,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале