30.11.2017, 14:33
Оқылды: 24

Зеленовта мерекелік шаралар өтуде (ФОТО)

Зеленов ауданында «ҚР Тұңғыш президенті» күніне арналған көпшілік жүгіру шарасы өтті.  

Мереке күнгі шараға үн қосуды ойлаған үлкенді-кішілі көпшілік орталық алаңды бетке алып, жүгіре жөнелді. Орталық алаңғы көпшілікпен бірге жүгіріп жеткен аудан басшысы мінберге көтеріліп, көпшілікті мерекемен құттықтады.

– Елбасы «Қазақстан - 2050» Стратегиясында ұлт денсаулығын нығайту мақсатында бұқаралық спортты дамытуды міндеттеді. Ауылдық округтер мен аудан орталығында жыл сайын балалар ойын алаңдары мен спорт алаңдары салынуда. Аудан орталығында жуырда ғана «street workout» және балалар ойын алаңы ашылса, жақын күндері спорт және сауықтыру кешені іске қосылмақ. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында жергілікті азаматтардың қолдауымен бұл жұмыстар келер жылы да жалғасын табады. Мұның бәрі бұқараның спортпен тұрақты шұғылдануына ықпал етіп, спортсүйер өрендердің көбеюіне септігін тигізеді, - деген аудан басшысы белгіленген қашықтықты жүгіріп өткен спортшыларға ризашылығын білдіріп, үздіктерді марапаттады.

Көпшілік суырылып, ерлер арасында Еслямғалиев Жандос үшінші, Бетехин Павел екінші, Ермекқали Теңел бірінші келсе, қыздар арасында Терехева Юлия үшінші, Қуаныш Арайлым екінші, Чурусова Вероника бірінші орыннан көрінді. Сонымен қатар шараның ең жасы үлкен қатысушылары ретінде Мелеков Данияр мен Бегалиева Райса марапатқа ие болды.

Сондай-ақ аудандық мәдениет үйінде спорттың үстел теннисі, тоғызқұмалақ, гір тасын көтеру, жеңіл атлетика, қол күресі, дойбы, шахматтан оқушылар арасында өзара мықтыны анықтауда.

Нұржан Дүзбатыр,

Зеленов ауданы 

    

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале