17.08.2018, 10:58
Оқылды: 23

Зеленовта оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастырудың қалыптасқан жүйесі бар

lagerЗеленов ауданы бойынша биылғы жазғы кезеңде жалпы 1-10 сыныптар арасында 7405 оқушы жазғы демалыспен қамтылды. Аудандағы 46 мектепте (30 жалпы, 9 негіз және 7 бастауыш) өтетін жазғы лагерьде тамақтану ұйымдастырылды.

Мектепшілік жазғы лагерьлерде тегін тамақтанатын 1258 оқушы аз қамтылған, көпбалалы, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар санатын құрады.

Барлық мектептерде үйірмелермен, профильдік алаңдармен, еңбек отрядтарымен жаз мезгілінде мектептерде 6147 оқушы тамақсыз қамтылды. Мектепішілік лагерь тамақпен және тамақсыз 5-10 сыныптар 10 күннен 3 ауысымда жұмыс атқарылды.

Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап Жас туристер стансасы жанынан «Достық» аудандық стационарлық лагері жұмыс жасады. Аталмыш лагерьде озат және екпінді оқушылардан 280 оқушы демалды (былтырғы жылы 200 оқушы қамтылған). Бұл лагерь 7 күннен 7 ауысымда жұмыс жасады. Әр ауысымда 40 оқушыдан демалды.

1 маусымнан бастап Январцев ауылында «Жас ұлан» лагерінде үздік және белсенді оқушыларынан 8 ауысымда 400 оқушы демалды. Әр ауысымда 7 күннен 50 бала демалды.

«Достық» стационарлық лагерінде оқушыларды шомылдыруға 2 бассейн бар, ал «Жас ұлан» стационарлық лагерінде типтік моншасы бар. Шілде айында облыстық жазғы сауықтыру лагерьде демалу үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді, 1 оқушыға 30 мың теңге шамасында, барлығы 60 бала қамтылды.

Аз қамтылған және жетім балалардың ішінен 2 оқушы Италияда демалып келді.

- Астана қаласына аз қамтылған, көп балалы, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 60 оқушы, Түркістан қаласына 30 оқушы, Ақмола қаласының Бурабай ауданында орналасқан «Звездный» балалар сауықтыру орталығына 30 оқушы жолданып, демалып қайтты, - дейді аудандық білім беру бөлімінің басшысы Серік Сафиуллин.

Ертай БИМҰХАНОВ,

Зеленов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале