15.03.2018, 15:59
Оқылды: 70

Зеленовта Өніс күні тойланды

Наурыз мерекесін 9 күн бойына тойлағалы жүрген Зеленов жұрты бүгін «Өніс» күнін атап өтуде.

Ата-бабаларымыз Көріс айтының екінші күнін молаю күні деп атаған. Бұл күні әр адам тал егіп, аулаға, далаға ерекше сән берер гүл отырғызған. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты бұл үрдіс орындалмағанымен, орталық алаңда мереке сәні кетпеді. Арнайы тігілген киіз үйлерде қазан асылып, тұрғындар  ұлттық тағамнан ауыз тиіп, келесі  айтқа дейін аман жетейік деп тілесті. Ал балалар болса, алтыбақан теуіп, үлкендердің ақ баталарын алды.

Өніс күнін ұйымдастырған жауапты ұжымдарды құттықтай келген аудандық мәслихат хатшысы Рамазан Исмағлов пен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілекбай Төлепқалиев ақ тілектерін арнап, елдің амандығын тіледі. Ертең аудан жұртшылығы «Алас» күнін атап өтпек.

Түгелбай Бисен,

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале