22.06.2018, 17:23
Оқылды: 22

Зеленовта полиция күні тойланды

DSC_0059Зеленов ауданы «Достық» үйінде Қазақстан полициясы күніне арналған  мерекелік шара ұйымдастырылды. 

Шара басында қызметтік міндеттерін адал орындап, басқарманың қоғамдық жұмысына белсене араласып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген полицейлерге аудан әкімі Асхат Шахаровтың алтыс хаты табысталды.

Одан соң құқық қорғаушыларды мерекелерімен құттықтаған аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Әлішер Сары:
- Ішкі істер органдары - мемлекеттік биліктің қоғамда құқық тәртібін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылымдардың бірі. Сақшылардың кәсіби қызметі зор жауапкершілігімен, тәуекелге бел бууымен ерекше құнды. Қазақстан дербес мемлекет болып, тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап оның тыныштығын қорғауға берік ден қойылып келеді. Осынау қырағы мамандықты таңдаған азаматтар ел алдындағы борышын сезінетіндігі сөзсіз.

Еліміздің қорғандары – полиция қызметкерлерінің еңбектеріне табыс, қызметтеріне сәттілік пен абырой тілеймін. Қазақстан Республикасының өркендеуі жолында табысты қызмет ете берулеріңізге тілектеспін.

Халқымыздың амандығын сақтау мен Отанымыздың өркендеуіне қосып жатқан үлестеріңіз аз емес, еңбектеріңіз әрқашан жемісті де табысты болғай! - деп үздік қызмет көрсеткен полицейлер мен сала ардагерлеріне мақтау қағаздарын ұсынып, «ҚР полициясына - 25 жыл», БҚО Ішкі істер департаменті бастығының грамотасымен, ҚР Ішкі істер министрлігінің медалімен бірқатар полицейлерде наградталды.
Сондай-ақ Әлішер Сағындықұлы жаңа шен алған полицейлерді де марапаттады.

Қызметте ғана емес, қоғамдық өмір мен спортта да алда жүретін ішкі істер қызметкерлерін сала ардагері, «Динамо» спорт қоғамының аға маманы Сабыр Бөрпиев те құттықтап, жуырда ғана аяқталған Тақан Еспановты еске алуға арнадған волейбол турнирінде бас жүлде иеленген ауданның ішкі істер қызметі ардагерлерінің командасына жеңімпаз кубогін табыс етті.

Ел тыныштығы мен  қоғам қауіпсіздігіне жауапты жандардың мерекесіне орайластырылған шара барысында Аягөз Бейісова, Ботагөз Тайпанова, Ақан Жекеков, «Скифы» вокалды аспаптар ансамблі әсем әндер шырқап, мереке сәнін кіргізді.

Түгелбай БИСЕН,
Зеленов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале