2.06.2017, 17:45
Оқылды: 71

Зеленовта рәміздер күніне арналған автошеру өтті

????????????????????????????????????

  Биыл еліміздің мемлекеттік рәміздері бекітілгеніне 25 жыл толмақ.  1992 жыл 4 маусым елдігіміздің, ел болуымыздың жарқын белгісін білдіретін айрықша тарихи датаға айналды.

  Қазақ елі үшін, оның ішінде елдіктің тірегін сақтаушы өскелең ұрпақ үшін қастерлі саналатын мерекені зеленовтықтар ауқымды түрде атап өтті.


     -Мемлекеттік рәміздер - бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен бір тұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі.  Елбасы Н.Назарбаев: «Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық санасы, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа деген үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер»- деген болатын. Отан – Мемлекетік Ту, Елтаңба және Гимннан бастау алады, - деді аудан тұрғындарын құттықтаған аудан әкімі орынбасары Асылұлан Досжанов.

   Аудан өнерпаздары ән айтып, бимен сән берген шарадан кейін зеленовтықтар автошеруге шыққан болатын. Бұл автошерудің құрамына түрлі салада еңбектеніп жүрген ел азаматтары мен аудан жастары болды. Автошеру Жеңіс, Фрунзе, ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл, Кең дала көшелерімен өтіп, Гагарин  көшесімен  аудандық мәдениет үйіне келіп тоқтады. Шеру кезінде рәміздеріміздің ерекшелігі, құндылығы, тарихы туралы айтылды.

Динара НАСЫР

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале