7.02.2018, 16:22
Оқылды: 58

Зеленовта «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 35 жоба іске асырылмақ

Биыл Зеленов ауданында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында 35 жоба іске асырылмақ. Бұл туралы аудан халқымен өткен есептік кездесуінде аудан әкімі Асхат Шахаров мәлімдеді. Жиынға облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысуда.

Өткен жылы ауданда атқарылған жұмыстар туралы баяндаған аудан әкімі алда атқарылар жұмыстар жайын да пысықтап өтті.

–Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында ауданда бірқатар шаралар ұйымдастырылуда. Атап айтсақ, тақырыптық ғылыми-конференциялар, зиялы қауыммен кездесу кештері, аудан оқушыларының еліміздің киелі орындарына саяхаты, аудан жастарының ел тарихын тану мақсатында экспедициялары ұйымдастырылды, - деді Асхат Шахаров.

Одан әрі аудан әкімі «Қазақстан - 2050» Стратегиясының ұлт денсаулығын нығайту мақсатында бұқаралық спортты дамытуды міндеттейтіндігін айта келіп, ауылдық округтер мен аудан орталығында балалар ойын алаңдары мен спорт алаңдары салынатынын жеткізді.

– Аудан орталығында өткен жылдың соңында «street workout» және балалар ойын алаңы, дене шынықтыру-сауықтыру кешені іске қосылды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында жергілікті азаматтардың қолдауымен «Ана мен бала» демалыс саябағы ашылды. Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында аудан орталығында «Менің елім» монументі ашылды. Сондай-ақ жыл басында аудан тарихында тұңғыш рет қазақ ақыны Қасым Аманжоловқа мүсін орнатылды. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын табады. Келер жылға жергілікті азаматтардың қолдауымен 35 жобаны іске асыруды ойлап отырмыз. Олардың қатарында демалыс саябақтары, спорттық алаңдар мен гүлзарлар, жастар саябақтары бар, - деген Асхат Берлешұлы бұл бастамалардың жастарды отансүйгіштікке баулып, бұқараның спортпен тұрақты шұғылдануына ықпал ететінін жеткізді.

zhaikpress.kz

Сурет: Айбатыр Нұраш

zelenov esep 1 zelenov (2)

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале