7.12.2018, 11:47
Оқылды: 79

Зеленовта саз мектебінің 50 жылдығы атап өтілді

Зеленов аудандық №2 балалар саз мектебінің 50 жылдық мерейтойына орай шығармашылық концерті өтті.

 саз1

Бүгінде ұжымда 26 оқытушы қызмет етсе, 180 оқушы білім алуда. Оның ішінде, 7 мұғалім Мичурин ауылында, ал 1 мұғалім Трекин ауылында еңбек етеді.

         Кеш барысында саз мектебінің  директоры А.Оторвина 50 жылдық тарихы бар өнер ордасы туралы баяндап, мектеп ұжымының аудандық, облыстық, республикалық деңгейде қанжығалаған жүлделерін мақтанышпен атап өтті. Ұжымда қызмет еткен сала ардагерлері мен түлеп ұшқан шәкірттерінің жетістіктері жайында бейнетаспа ұсынды.

         Мерейтойға арнайы келген аудан әкімінің орынбасары К.Тұрлыбеков шығармашылық ұжымның табысты еңбек жолы аудан тарихынан орын алатындығын айтып, аудан әкімі А.Шахаровтың атынан алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.

         Ал аудандық білім бөлімінің басшысы С.Сафиуллин тәжірибелі ұстаздарға ризашылығын білдіріп, алғыс хатпен марапаттап, ұжымға сыйлық тарту етті.

Көңіл пернесін шалқытқан кеште В.Самарцев жанұяларының, скрипкашылар ансамблі, орта, кіші топтағы хордың орындауындағы шығармалар көрермен қошеметіне бөленді.

саз2

Гүлжан АЯЗБАЕВА,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале