16.03.2018, 14:16
Оқылды: 21

Зеленовта штаб шақырылды

IMG_6092Бүгін Зеленов ауданында көктемгі тасқынның алдын алу бойынша штаб шақырылды.

Өзен суы тасуы ықтимал округтер мен еріген қар суынан зардап шегетін аймақтың жауапты тұлғалары бас қосқан отырыста аудан әкімі Асхат Шахаров атқарылған жұмыстар есебін тыңдап, сәйкесінше нақты тапсырмалар берді.

– Ауа райының қалай құбыларын ешкім тап басып айта алмас, дегенмен күрт жылынып, жауын басталар болса, еріген қар суынан келер қауіп бар. Әсіресе, Асан, Мичурин, Зеленый, Шалғай, Егіндібұлақ ауылдарын қатаң бақылауда ұстау қажет. Төтенше жағдайға қажетті инертті материалдар мен техника, адам күші дайын. Әзірге мүмкіндік бар кезде су жүлгелері мен ауыл ішіндегі арықтардың көзін ашу, ауылдан қар шығару, көпір, бөгет, өткел сынды маңызды нысандарға кезекшілік қоюды тапсырамын. Сонымен қатар әлеуметтік нысандар қызметі қалтқысыз ұйымдастырылсын, - деген аудан басшысы алдын алу шараларына, әсіресе, тұрғындарды жұмылдыру қажеттігін алға тартып, әр үйдің иесіне аймағын қардан тазалау жөнінде ескерту қажеттігін міндеттеді.

Н.Дүзбатыр

Зеленов ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале