29.12.2018, 16:11
Оқылды: 84

Зеленовта спортшылар балы өтті

Зеленов ауданының спортшылары биыл республикалық жарыстардан 25, облыстық жарыстардан 68 алтын медаль еншілеген. Аудан намысы үшін тер төге еңбек еткен спортшылар мен бапкерлерге құрмет көрсетіп, жаңа жыл алдында бір серпілтіп алмақ мақсатта аудан әкімдігі мен өңірге белгілі «Киргенев» шаруа қожалығының басшысы Қайыржан Есенгелдіұлы спортшылар балын ұйымдастырды.

IMG_8655

 

Спортшыларды ұлықтау шарасына аранайы келген аудан басшысы Асхат Шахаров:

-Спорт тек денсаулық кепілі ғана емес. Ол қайнаған намыс, жеңіске деген жігердің сыналатын жері. Биыл спортшыларымыз жаман нәтиже көрсетті дей алмаймыз. Елішілік, облыстық жарыстарда аудан мерейін асырған әр спортшылардың еңбегі елеусіз қалмайды. Барлықтарыңызды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, келер жылда жаңа жеңістер тілеймін,-деді.

Одан соң спорт саласының дамуына үлес қосып аудан жастарының спортқа деген қызығушылығын оятқан бапкерлер мен байрақты бәсекелерде жүлде салған спортшыларды марапатталды.

Түгелбай Бисен,

Зеленов ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

IMG_8540

IMG_8559

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале