19.09.2018, 11:00
Оқылды: 83

Зеленовта халықаралық жастар лагері басталды

Зеленов ауданында «Достықтың туын тіккен – Қазақстан» атты Қазақстан және Ресей мемлекеттері шекаралас аудандарының халықаралық 18 бен 35 жас аралығын қамтыған жастар лагері бастау алды. Көрші елден келген қонақтарды «Менің елім» монументі жанынан аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Манарбек Әжкенов күтіп алды.

 IMG_0216

- Ауданға қош келдіңіздер. Аудан Ресейдің бес облысымен шекаралас орналасқан. Күн өткен сайын аудан орталығы көркейіп келеді. Соның айқын айғағы – алдарыңыздағы «Менің елім» монументі.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында бой көтерген монументтің биіктігі 14 метр. Жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен тұрғызылған монумент басына еркіндік қыраны – бүркіттің мүсіні қойылған, - деді Манарбек Малкенжарұлы.

Бұдан кейін меймандар аудан орталығында дене шынықтыру және сауықтыру кешені мен аудандық тарихи-өлкетану музейі сынды бірқатар нысандарда болды.

Нұрлыбек ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ,

Зеленов ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале