3.09.2018, 16:28
Оқылды: 86

Зеленовта жаңа мектеп ашылды

Білім күні мерекесімен тұспа-тұс Зеленов ауданы Дариян ауылында жаңа мектеп-гимназия интернаты оқушыларға есігін айқара ашты.

dariyan mektep (6)

300 орынға шақталған жаңа білім ордасының құрылысы былтыр мамыр айында басталып, биыл оқу жылы қарсаңында пайдаланылуға берілді. Ұлттық қордан бөлінген 1,1 миллиард теңгеге салынған мектепте білім алуға қажеттінің барлығы бар. Әсіресе жаңа үлгідегі ІТ сыныбы мен 100 орынға шақталған интернат және қажетті құралдармен жабдықталған 2 шеберханасы барлық талапқа сай. Дарияндықтарға үлкен қуаныш сыйлаған білім ордасының құрылысын «Отдел Строй» ЖШС жүргізді.

Жаңа мектеп-гиназия-интернатының салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Асхат Шахаров, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Серік Сафиуллин, «ОтделСтрой» ЖШС бас инженері Дмитрий Силькин және ауыл тұрғындары қатысты.

Алдымен жиналғандарды Білім күні мерекесімен құттықтаған аудан басшысы Асхат Берлешұлы:

- Мектептің ашылуы - біз үшін үлкен мереке. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында еліміздің түкпір-түкпірінде осындай мектептер ашылып жатыр. Бұл дегеніміз - ел болашағы саналатын жатсарымыздың сапалы білім алуына берілген үлкен мүмкіндік, - деді аудан басшысы.

Одан соң мектеп директоры Шолпан Өмірзақова өзінің жүрекжарды лебізін білдіріп, үздік ұстаздар мен үлгілі оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттады.

Жаңа мектептің алғашқы қоңырауы соғылған соң «ОтделСтрой» ЖШС бас инженері мектеп директоры Шолпан Жанұзаққызына мектеп кілтін салтанатты түрде табыстады.

Бүтін бір ауылды қуанышқа бөлеген мектептің лентасын ардагер ұстаз Гауһар Әбілбасова мен республикалық пәндік олимпиада жеңімпазы Данияра Ғалиева қиды.

Түгелбай БИСЕН,

Зеленов ауданы

dariyan lenta dariyan mektep (3) dariyan mektep (4) dariyan mektep (5)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале