12.10.2018, 15:31
Оқылды: 65

Зеленовта жәрмеңке өтті

Таң сәріден Зеленов ауданы Переметный ауылындағы мәдениет үйінің алдындағы алаңда жәрмеңке ұйымдастырылды.

jarmenke (1)

Ауданға қарасты округтерде кәсібін дөңгелеткен шаруа қожалықтары мен жеке кәсіп иелері қазанның салқынына қарамай алып келген өнімдерін жайма базар алаңына жайып тастады. Жәрменкеде ұсынылған азық-түлік бағасы базардағыдан 20-40 пайызға төмен болды.

Арзан да сапалы өнім қараша жұрттың қалтасын ортайтпай, қоржынын қомпайтты. Ашық аспан астына жайылған базарда кәсіп иелері сойып алып келген қойдың етін де ұсынды. Көкке тойған, семіз қой көпшілікті қызықтырмай қоймады. Күздікке ет іздеген ағайын қой етін мүшелеп те толығымен де алып жатты.

Бұдан бөлек, қызанақ пен қырыққабат, пияз бен картоптың да саудасы қызды. Мал мен құс ұстаған ағайын аудан шаруалары арзан бағаға ұсынған жемді де ән сағатта тауысты.

Жәрмеңке ұйымдастырған аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі мамандарының айтуынша өлкеде кәсібін дөңгелетіп отырған 15 ірілі-ұсақты шаруа қожалықтары мен кәсіп иелері келген. Алдағы уақытта ауа-рай қолайлы боп жатырса, жәрмеңкені тағы өткізу жоспарда бар.

Түгелбай БИСЕН,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

jarmenke (2) jarmenke (3) jarmenke (4) jarmenke (5) jarmenke (6)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале