28.12.2018, 10:00
Оқылды: 81

Зеленовта жыл үздіктері марапатталды

Зеленовта «Жыл үздігі - 2018» жыл қорытындысы салтанатында сөз алған аудан әкімі Асхат Шахаров мерекелік кешке жиналған барша ағайынды алда келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

 IMG_8248

Асхат Берлешұлы ауданның гүлденуі мен өркендеуіне сүбелі үлес қосқан азаматтарға «Зеленов ауданының Құрметті азаматы» атағын табыстады.

Ел құрметіне бөленген танымал кәсіпкер Бейбіт Асанов, еңбек ардагерлері Майдан Жұбандықов пен Қадырбай Абдушевқа «Зеленов ауданының Құрметті азаматы» лентасы мен төсбелгіні тағып, куәліктерді табыс етті.

Одан соң Ұлттық дәрежедегі төреші, ел мақтанышы Серік Хайруллинге «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі табысталды.

Айтулы шарада жыл үздіктеріне де құрмет көрсетілді. Соның ішінде «Үздік жас маман» аталымымен Думан Кереев, «Үздік жас ұстаз» аталымымен Ақгүл Нахметова, «Үздік жас спортшы» аталымымен Расул Жолдасов, «Үздік оқушы» аталымымен Айсұлу Сәкенқызы, «Үздік студент» аталымымен Жанерке Ғинаят, «Үздік жас көшбасшы» аталымымен Мәрзия Маратқызы, «Үздік жас дәрігер» аталымымен Елена Христенко, «Үздік жас кәсіпкер» аталымымен Мирлан Бакиев, «Үздік жас тілші» аталымымен Жанерке Ерболқызы, «Үздік жас өнерпаз» аталымымен Гүлмира Алканова, «Үздік тәртіп сақшысы» аталымымен Әділет Хайрушев, «Үздік ІТ маман» аталымымен Қанат Тапишев, «Қайсарлығы мен батылдығы үшін» аталымымен Серікқали Шудабаев, «Жыл жаңалығы» аталымымен Наргиза Маратқызы марапатталды.

Мереке аясында белгілі шоумен Биғасыр (Биг-барада) үздіктермен сұқбат құрып, жиналғандарға мерекелік көңіл күй сыйлады.

 

IMG_8269 IMG_8276 IMG_8297 IMG_8313 IMG_8332

Ертай БИМҰХАНОВ,

Зеленов ауданы

 

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале