24.09.2018, 9:30
Оқылды: 46

Зеленовта«Учаске» жедел-профилактикалық шарасы өтуде

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес, облыс көлемінде «Учаске» жедел-профилактикалық іс шарасы өтуде.

2323211ts

Іс шараның мақсаты – көпқабатты үйлердің әрбір пәтерін, аулаларды, жеке үйлерді аралап, онда мекен етуші адамдар жайлы ақпарат білу және қару иелерін, ІІО-да есепте тұратын тұлғаларды тексеріп, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізу болып табылады.

Осы жедел іс шараға ішкі істер органдарының барлық қызметтері қатыстырылып, кешенді тексерулер ұйымдастырылуда.

Қыркүйектің 5-і күні басталған профилактикалық шара барысында  5000-ға жуық пәтер мен жеке үй тексеріліп, құқық бұзған азаматтарға ескерту жасалған.

Зеленов аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері осы іс шара барысында 7 ұрлық фактісін ашып, күдіктілерді қолға түсірген. Бұдан бөлек қыркүйектің 4-інен 5-іне қараған түні Орал қаласында ұрланған екі «ВАЗ» көлігі де табылыпты.

Жергілікті полиция қызметінің бастығы Жантемір Иманалиев пен учаскелік полицей Жігер Молдағалиев және тағы бір полиция қызметкері Бақыт Бекболаттың жедел әрі мүлтіксіз атқарған қызметінің арқасында қолды болған екі автокөлік Зеленый ауылынан табылды.

Қазіргі таңда біреудің мүлкіне қол сұққан үш жігіт қамауға алынған. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Түгелбай БИСЕН,

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале