20.12.2016, 16:51
Оқылды: 20

Зеленовтық оқушы республикалық байқаудан бас жүлдемен оралды

a-myrzagerejАлматы шаһарында Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін оқу және ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындаудан өткен байқауда Зеленов ауданы, Егіндібұлақ мектебінің 3 сынып оқушысы Әлішер Мырзагерей бас жүлдені жеңіп алды.


«Көркемсөз» жанры бойынша кіші топта өнер көрсеткен Әлішер ақынның «Поэзия», «Туған жер» атты туындыларын мәнерлеп оқыған болатын.

Айта кетейік, екі күн бойы ақын рухын асқақтатқан байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ге жуық оқушы қатысты.

Балғындардың өнеріне ҚР Еңбек сіңірген әртісі, әнші Майра Ілиясова, ақынның бауыры Алмагүл Оңғарсынова, әнші Амангүл Орынбасарқызы, Қазақ радиосының журналисі Гүлмира Нәлібай және ұйымдастырушы-ұстаз Мереке Смайловалар әділ бағасын берді.

 

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале