15.06.2017, 12:02
Оқылды: 51

Зеленовтық 4 спортшы әлем чемпионатына барады

Зеленов ауданы әкімінің орынбасары Асылұлан Досжанов Сербия астанасы Белград қаласында каратэден өтетін әлем чемпионатында еліміздің намысын қорғайтын жерлес спортшыларды қабылдап, сәттілік тіледі.

 -Жарыс жолында жеңіске қол жеткізулеріңізге тілектеспін. Байрақты бәсекеден жүлделі оралатындарыңызға сенемін. Намысты қолдан бермеңдер,-деді Асылұлан Тұрсынұлы.

Маусымның 23-25 аралығында өтетін әлем чемипонатына ҚР құрамасын ауданымызға ғана емес, елімізге танымал бапкер, ҚР спорт шебері, 5 дан қара белбеу иегері және еліміздің спорттық каратэ федерациясының бас төрешісі Фархад Жалмұрзин бастап бармақ. Құрама сапында 22 спортшы болса, оның 8-і батысқазақстандық, ал 4-уі Зеленовтан. Өз кезегінде Фархад Қазбекұлы да әрдайым қолдау білдіріп келетін аудан басшылығына алғысын білдірді

Айта кетейік, байрақты бәсекеде ауданымыздан екі мәрте әлем чемпионы, спорт шеберіне үміткер Аида Имақанова, ҚР спорт шебері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Николай Сеннов, ҚР спорт шебері Нұрдәулет Саматов, екі мәрте ҚР чемпионы Полина Уварова ел намысын қорғайтын болады.

Динара НАСЫР

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале