23.04.2018, 15:51
Оқылды: 15

Зеленовтық аяқдопшылар қайырымдылық турнирін өткізбек

DSC_0330Зеленов ауданының «Шаңырақ-Дос» командасы футзалдан облыс чемпионатына қатысып, екінші лига жеңімпазы атанды. Соның ішінде Роман Штейнгельберг лиганың «Үздік сұрмергені» атанса, Асхат Мәжит «Үздік ойыншы» аталымында жеңіске жетті. Жарысты Батыс Қазақстан облысы футзал ассоциациясы ұйымдастырды.

Өңірдің үздік футзалшыларын марапаттаған салтанатты шара барысында екінші лига жеңімпазы атанған зеленовтық командаға 150 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық берілген болатын. Ол қаражатты команда аты жаман ауруға шалдыққан Мүслім есімді балақайдың еміне берді.

DSC_0293Бүгінде Ресейдің Самара қаласында ем қабылдап жатқан балақайдың ем-домына 6 млн-ға жуық қаражат қажет екен. Алдағы демалыста «Шаңырақ-Дос» аудан орталығында қайырымдылық турнирін ұйымдастырып, жарысқа Орал қаласы мен аудандардан командалар шақырған. Жарыстан түскен қаражатты кішкентай Мүсілімнің еміне береміз, - дейді команда ойыншылары.

Түгелбай Бисен,

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале