25.05.2018, 15:34
Оқылды: 73

Зеленовтық әжелер ансамблі қайырымдылық жасады

Зеленов ауданындағы «Достық» үйі жанынан құрылған «Ақниет» әжелер ансамблінің мүшелері мен мәдени ошақ басшысы Бибігүл Ахметжанова аудан орталығында тұратын аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық көмектерін көрсетті.

Қасиетті Рамазан айына орайластырылған қайырымдылық шарасы барысында мұқтаж жандарға қажетті киім-кешек пен азық түлік салынған себеттерді сыйлаған әжелер қиыншылыққа тап болған отбасыларға қолдауларын да білдіріп, басуларын айтты.

-Кең пейілді кемімес,-дейді дана халқымыз. Рамазай айында жақсылық жасап, мұқтаж жандарға қолымыздан келер көмекті көрсету мұсылман жан үшін мәртебе,-дейді шара ұйымдастырушылары.

Күтпеген сыйлыққа ие болған отбасы мүшелері қуаныштан көздеріне жас алып, ризашылықтарын білдірді.

Өз қалталарынан ақша шығарып, қайырымдылық жасаған әжелеріміздің ісі көпшілікке үлгі.

Түгелбай Бисен,

Зеленов ауданы

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале