6.11.2018, 16:56
Оқылды: 60

Зеленовтық каратэшілер жүлделі оралды

 Ресей Федерациясының Тольяти қаласында жекпе-жек өнері түрлерінен спартакиада өтті.

WhatsApp Image 2018-11-05 at 22.16.16

Ресейдің Чебоксары, Тольяти, Астрахань, Қазан, Самара, Ульяновск қалаларынан келген спортшылар сайысына ел үмітін арқалай барған Зеленов аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің каратэшілері намысты қолдан бермеді.

Білікті бапкер Фархад Жалмурзиннен тәлім алатын спортшылар бір ІІІ, үш ІІ орынды иеленді.

Атап айтар болсақ, кумитеде Регина Тоғаева ІІІ орынға табан тіресе, Николай Сеннов, Дарья Пивень және Әділет Бержанов финалда ғана сүрініп, жарыстың күміс медальдарын еншіледі.Түгелбай БИСЕН,

 

WhatsApp Image 2018-11-05 at 22.00.05

 

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале