12.12.2018, 15:36
Оқылды: 49

Зеленовтық кәсіпкер мұқтаж жандарға нанды тегін таратады

Зеленов ауданына танымал жеке кәсіпкер, зейнеткер Зәуреш Қонахметова жергілікті әлеуметік жағдайы төмен, көп балалы отбасыларға айына екі рет тегін 100 нан бермек.

 nan

Иманды да ардақты жанның бастамасымен қолға алынған шара 14 желтоқсан күні басталады. Көмекке мұқтаж ауыл тұрғындары «Нан – Хлеб» дүңгіршегінен нанды тегін алады.

Айтар кетерлігі, жеке кәсіпкер Зәуреш Күлекейқызы осы айдың соңында қажылық сапарға шыққалы отыр.

Ертай БИМҰХАНОВ,

Зеленов ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале